KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО мен Павлодар шекарасына санитарлық бекеттер не себепті қойылды?

26.01.2021, 14:30 177

25 қаңтардан бастап ШҚО мен Павлодар облысының шекарасында екі санитарлық бекет қайта орнатылды. Санитарлық бекеттердің қайта қойылуына не түрткі болды? Бұл сауалға брифинг барысында ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Қанат Тұрдиев жауап берді.

-  Санитарлық бекеттерді орнатуға Павлодар облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың ушығып, аталған облыстың "қызыл" аймаққа кіруі себеп болды. Жұқтыру фактілерінің алдын алу мақсатында Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары арасында санитарлық бекеттер арқылы шектеу шаралары қабылданды. Егер көршілес Алматы, Қарағанды облыстарында эпидемиологиялық жағдай нашарлай бастаса және облыстар "қызыл" аймаққа ауысса, облыстың сыртқы шекараларында қосымша санитарлық бекеттер орнатылуы мүмкін, - деп түсіндірді ШҚО бойынша СЭБД өкілі

Осылайша, осы бекеттер арқылы облыс аумағына кіруге және шығуға растайтын құжаттарды көрсеткен кезде қаулыға 1-қосымшада көрсетілген адамдарға ғана рұқсат етіледі.

Ерекше жағдайларда санитарлық бекеттер арқылы адамдардың жекелеген санаттарына, бірақ ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүруге рұқсат етіледі.

- Посттарда деректерді ескере отырып және оқшаулау орталығын кейіннен хабардар ете отырып, респираторлық аурулар симптомдарына және covid-19 коронавирустық инфекциясы белгілеріне  қашықтықты сақтай отырып, байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізіледі, - деп толықтырды Қанат Тұрдиев

Сондай-ақ, "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттерінде төрт санитарлық бекеттің жұмысы жалғасуда

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу