KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
521.81 543.67 5.05

Өскеменде балаларды оңалту орталығы уақытша жабылды

9.12.2020, 15:20 161

Өскемен қаласының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантинге жабылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы АКҚ.

Бір ай уақыттан бері балалар қашықтықтан оңалтудан өтіп келеді. Орталықта тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 150 бала оңалту және әлеуметтік бейімделуден өтеді. Күн сайын балаларға физиотерапия сессиялары, бассейндегі сабақтар, сонымен қатар дефектологтар мен логопедтермен жұмыс қажет. 

Алайда, бір айға жуық уақыт бойы ата-аналар балалармен бейнероликтер бойынша өз бетінше айналысуға және бейне-чат бойынша орталықтың мамандарымен кеңесуге мәжбүр. Бұл, әрине, педагогикалық процесті қалыпты форматта алмастыра алмайды.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Өскемен балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметі ШҚО бас санитарлық дәрігерінің 27 қазандағы, сондай-ақ Өскемен бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а. 11 қарашадағы қаулыларының негізінде аталған басқарма басшысының 2020 жылғы 10 қарашадағы бұйрығымен тоқтатылған.
Ведомствоның ақпараты бойынша, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев балаларының жағдайына алаңдаушылық танытқан ата-аналармен кездесу өткізіп, оларға барлық мән-жайды айтып, қашықтықтан оқыту карантиндік шектеулер жағдайында жасалған мәжбүрлі қадам әрі қажетті шара екенін түсіндірген.


"Балалар мекемесін жабу кезеңінде мамандар тарапынан үй жағдайында тапсырмалар кешенін орындауға мүмкіндік беретін - – сабақтың конспектісі, интернет-ресурстарға сілтемелер, бейнероликтер, саусақ гимнастикасы, ұсыныстар, бейне-чат бойынша кеңестер сияқты оқыту тапсырмалары әзірленді. Барлық тапсырмалар балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларына сәйкес қалыптастырылды. Әр бала өзіне қолайлы кесте бойынша және ыңғайлы ырғақпен айналысады. Күн сайын мамандар  ата-аналармен кері байланыс орнатып, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау туралы фото және бейнематериалдар жібереді", - деп атап өтті ведомстводан.


Карантиннің әлсіреуіне және Шығыс Қазақстанның "сары аймаққа" кіруіне байланысты, балалар орталығының әкімшілігі 07.12.2020 ж. облыстың бас санитариялық дәрігеріне мүгедек балалардың оңалту іс-шараларына деген үлкен қажеттілігіне байланысты орталықтың қызметін қайта жандандыру мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолдады.
Ал әзірше, балалар мен олардың ата-аналарына оңалту жаттығуларының кешенін өз бетінше орындап, орталықтың білікті қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілген әрбір баланың прогресі жойылмайды деп үміттену ғана қалады.
Себебі, тұрақты әрі дұрыс ұйымдастырылған іс-шаралар кешені ғана балаларға қиындықтарды жеңуге және толық өмір сүру мүмкіндігін арттыруға көмектеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу