KZ
Өскемен
+13°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Тарлаулы интернетпен қамтылды – Аягөз

27.11.2020, 12:09 214
Аягөз ауданында интернет қызметтерімен қамту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр.
Пандемия интернеттің адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Әсіресе, карантиндік шектеулерге байланысты қашықтан білім алып отырған оқушыларға айтарлықтай қиындық тудырды.
Осы мақсатта, Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің мектеп, аурухана, әкімшлік сонымен қатар 50-ден астам тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетпен және сапалы теледидармен қамтамасыз етілді.

- Ендігі кезекте ауыл тұрғындарының интернет арқылы электрондық үкімет қызметтерін алуы жеңілдеп, оқушыларға қашықтықтан білім беру процесі де оңтайланатыны сөзсіз. Президент жолдауын орындау мақсатында «Семейтранстелеком» экономиканы технологиялық жаңғыртуды жеделдету және оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Ауылдық елді мекендерін (АЕМ) талшықты-оптикалық байланыс желілерінің (ТОБЖ) технологиясы бойынша "кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету" (КЖҚ) жобасын іске асыруда, - дейді Аягөз ауданының әкімдігі.

Қазіргі 2021 жылдың І тоқсанына қалған елді мекендердің тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету мәселесін шешу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив