Тарбағатайдағы «ТАМШЫ» театры туралы фильм жарыққа шықты
Жуырда ғана республикалық "Туған жер" шығармашыл жастар фестивалі мәресіне жетті. Өнер бәйгесіне 14 пен 29 жас аралығындағы жас авторлар қатысты. Фестиваль жастар арасында кіші отан, өзінің өлкесі, мемлекетін насихаттауды мақсат тұтты.
Жоба «Орындаушылық шығармашылық» (вокал, ойнау, хореография), «Көркем шығармашылық» (бейнелеу өнері, бейнеконтент, фотосурет) және "Сөз өнері" (оқу, әңгімелеу) аталымдары бойынша өтті.
Халықтық дауыс беру нәтижесі арқылы 80 финалист анықталды. Оза шапқан 1,2,3 орын лауреаттары Қазақстанды еліміздің Ұлттық Дельфий құрамасы құрамында Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ, "Туған жер" фестивалінің аясында додаға қатысқан өнерпаздарымыздың шығармашылығын насихаттайтын танымдық шағын фильмдер топтамасын шығару қолға алынды.

Солардың бірі – фестивалідің «Сөз өнері» (қойылым) аталымында жеңімпаз атанған «Тамшы» балалар театры. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат аулының балаларынан құралған театр ұжымының болашаққа жоспарлары көп. Актер, режиссер Бейбіт Құсанбаевтың бастамасымен ашылған театр – Ақсуатта құрылған алғашқы театр.
«Жалпы бала тәрбиесіне театр өнері, оның ішінде, актерлік шеберлік, сахна тілі деген пәндер өте көп септігін тигізеді. Өсиет, нақыл сөздерді біз көп қолданамыз. Бұл біріншіден, баланың санасын тәрбиелесе, екіншіден, баланың тілін тәрбиелейді. Үшіншіден, жалпы ойлау, жаттау қабілетін жақсартады.Театр әлемінің әр жанға ерекше әсер сыйлайтын құдіреті бары айтпаса да түсінікті. Баланың талғамын қалыптастырып, қиялын дамытады. Театрда ойнау арқылы бала өзін-өзі ұстауды үйренеді» - дейді театрдың жетекшісі Бейбіт Құсанбаев.
Өнер орталығында 60-қа жуық дарынды балалар өнер көрсетеді. 1 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан ұжым түрлі байқауларға, концерттерге қатысып, өздерін жан-жақты дамытып келеді.
Аяғын тәй-тәй басқан өнер ұжымы туралы фильмді Ұлттық Дельфий Комитетінің facebook және Youtube желілерінің әлеуметтік парақшаларында жариялаған.
Айта кетейік, фестивальді Ұлттық Дельфий Комитеті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді.