Ақшаңқан үй. Аңшы. Қыран құс. Жүйрік тазы (фоторепортаж)
Фото: Аяужан Утеулинова
Бүгін Бозанбай жұрты байырғы баба ғұрыпты бастан кешіп жүр. Өйткені онда халықаралық бүркітшілер фестивалі өтіп жатыр.
Биылғы салбурынға 5 мемлекеттен құсбегілер және бірнеше елден туристер келген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұрынғылар «саятшы бапшыл болса, бүркітке бақ» дегендей, құсбегілер қыранның бабын сынға салып тұр.
«Қыран құс түлкі алмай ма салса баптап». Шақыру кезегін күтіп отырған бүркіт.
«Шығыс салбурыны-2023» фестиваліне келген тазылар да тықыршып, ертеңгі жарыс күнін күткендей.
Ұлттық киім киген ұл мен қыз салбурынның сәнін асыра түскенін көрдік. Шетелдік туристер қызыға тамашалауда.
Моңғолиядан бұл жолғы «Шығыс салбурыны-2023» фестиваліне алты бүркітші келген. Құсбегілер қырдағы қыранның алғырлығын тамашалап отыр.
Көпшіліктің назарына ұлттық бұйымдар көрмесі ұсынылды.
Шығыстың даласына Қырғызстан Республикасынан да қыран көтеріп, құсбегі келді.
Аңшылардың аңысын аңдып отырған көрермендер. «Бүркіт салсаң, алтайы түлкіден бөрік киерсің» дегендей түлкі тымақтары түз қазақтары екенін айғақтап тұрғандай.
Түз тағысы «қолға шақыру» сайысы бойынша құсбегіге қарай қалықтап келеді.
Аңшылар мен көрермендерге арнап 16 ақбоз үй құрыпты.
Қыранын арқалап, шығыс салбурынына қариялар да келіп отыр.