KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

"Марисабельдің" рөлін сомдаған актриса көз жұмды

19.06.2019, 12:37 224

90-шы жылдары қазақстандықтар "Богатые тоже плачут", "Дикая Роза" сынды мексикалық телехикаяларды ұйып көретін еді. Аталған сериалдарда басты рөлдерді сомдаған танымал актриса Эдит Гонсалес 13 маусымда ауыр сырқаттан көз жұмды.

Эдит Гонсалес 54 жасында дүниеден озды. Актрисаны "Богатые тоже плачут" телехикаясындағы Мариана мен Луис Альбертоның қызы Мария-Исабельдің рөлі күллі әлемге танымал еткен. Біздің көрермендер ол кейіпкерді "Марисабель" деп атайтын. Одан кейінгі сериалдарда сомдаған рөлдері де көрерменнің жүрегіне жол тапты: "Дикая Роза" – Леонелла Вильяреаль, "Дикое сердце" – Моника, "Страсти по Саломее" – Соломея және т.б.

54 жастағы актриса соңғы үш жылда қатерлі ісік ауруымен күресіп келген.  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив