KZ
Өскемен
-16°
небольшая облачность жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Эквадорда әйел адам жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кеткен

Фото: egemen.kz

19.06.2023, 11:09 715

76 жастағы Эквадор тұрғыны өзінің жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кеткен.

Ұлы жерлеу рәсімі кезінде табыттың есігін қағып, тірі екенін білдірген әйелді дереу ауруханаға жеткізгенін мәлімдеген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алайда әйел бір аптадан кейін қайтыс болған. Осы аралықта дәрігерлер оның өміріне араша түсуге тырысқан.

Алғашында 9 маусымда Бабахойо қаласында Белла Монтойяның қайтыс болғанын айтқан. Жерлеу рәсімі басталғаннан кейін арада шамамен бес сағат өткенде әйелдің туыстары табыттан дыбыс шығып жатқанын естіген. Әйелдің тірі екені белгілі болған соң туыстары жедел жәрдем шақырған көрінеді. Оқиғаға дейін Монтойя инсульт күдігімен ауруханаға жатқызылды.

  "Оның жүрегі, тыныс алуы тоқтаған, реанимациялық әрекеттерге жауап бермегендіктен кезекші дәрігер ол қайтыс болды деген қорытынды шығарған", – делінген Эквадор денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

Әйел реанимацияда жеті күн жатқаннан кейін жұма күні ишемиялық инсульттан қайтыс болды.

Эквадор билігі оқиғаны егжей-тегжейлі тексеріп, аталған ауруханада өлім туралы куәлік беру процедурасын зерттеуге кірісті.

Өйткені Белла Монтойя ресми түрде өлімі туралы хабарланғаннан кейін «тіріліп кеткен» жалғыз адам емес көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу