KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Азиада–2022: Қазақстан құрамасы тағы бір алтын алды

Фото: olympic.kz

3.10.2023, 14:31 1 225

Қазақстан құрамасының спортшысы, велошабандоз Алексей Луценко Азиа ойындарында алтын медаль алды.

Ол жекелей жарыста үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанның қоржынына бесінші алтын медальді салды, деп хабарлайды Altaynews Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Оған дейін тасжолдағы жарыста Қазақстанның велоспорт құрамасының өкілі Рината Сұлтанова қола медаль алды. Сонымен қатар, байдарка мен каноэде ескек есуден Мария Бровкова қола медаль ұтып алды. Ал Тимофей мен Сергей Емельяновтар каноэде ескек есуден жұптық сында күміс медаль иеленді.

Каноэде ескек есуден жұптық сында Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева ел қоржынына тоғызыншы күміс медальді салды. Ал оныншы «күмісті» Данил Мұсабаев батуттағы гимнастикадан алды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу