KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
511 602.72 6.49

Әлемде алғаш рет адам көзіне трансплантация жасалды

12.11.2023, 20:00 903 Назерке Каримова

Операцияны Нью-Йорк емханасының хирургтері жасаған. Науқастың көру қабілеті әзірге қалпына келмесе де, дәрігерлер бұл медицинадағы үлкен жаңалық дейді. 21 сағатқа созылған операцияға 140-тан астам хирург қатысқан.

Науқас әлі де біраз бақылауда болады. Ол осыдан 2 жыл бұрын 7200 вольттық тоққа түсіп, оның сол жақ бетіне, мұрны, аузы, сол көзі мен қолына үлкен зақым келген екен.     

- Көз трансплантациясының өзі - алға жасалған үлкен қадам. Бұл ғасырлар бойы адамзат ойында болғанымен, осы уақытқа дейін орындалмай келген іс болатын. Көз алмасын алмастыру арқылы көру қабілеті қалпына келмесе де,  жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады, - дейді хирург:Эдуардо Родригес.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу