KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, СБ
443.72 482.28 4.9

Көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун турнирі өтті

Фото: gov.kz

7.06.2023, 10:49 238

2-3 маусым аралығында Алматы қаласында көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Бірінші Республикалық турнир өтті.

Жарысқа облыс атынан Өскемен қаласының №19 қосымша білім беру мектеп-орталығы қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шоудаун – көру қабілеті нашар жандарға арналған үстел теннисі. Шоудаун бойынша турнирлер кезінде дыбыстық шар, қорғаныс қолғаптары, арнайы көз маскалары сынды құрал-жабдықтар қолданылады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бәсекеде шығыстық жеткіншектер қола медаль жүлделеді.

Елде енді дамып келе жатқан спорт түріне қажетті арнайы жабдықтарды аз уақыт ішінде ұсынған «Дара» қоры екені де айтылған.

                                                                                       

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив