KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Криштиану Роналду 30 метр қашықтықтан гол соқты

mediotiempo.com

26.11.2023, 22:05 778 Назерке Каримова

Сауд Арабиясы чемпионатының кезекті турында "Әл-Наср" өз алаңында "Аль-Ахдудпен" кездесті.

Алаң иелерінің 3:0 есебімен жеңіске жеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Ойын барысында Криштиану Роналду екі рет гол соқты. Әсіресе, португалиялықтың екінші голы көпшіліктің есінде қалды. Роналду қақпаға 30 метрден доп салған.

"Ұмытылмас сәт", - деп жазды Әл-Насыр футбол командасы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін 38 жастағы португалдық футболшы 2023 жылы өз клубы мен Португалия құрамасы үшін матчтарда 48 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Осылайша, Роналду өз мансабында оныншы рет гол+пас жүйесінде 60+ ұпай жинады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив