KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 8 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

70 жастағы әжей егіз босанды

3.12.2023, 14:36 1 023 Назерке Каримова
70 жастағы угандалық әйел ЭКО бағдарламасы арқылы егіз баланы дүниеге әкелді.

Жаңа туған ұл мен қыздың денсаулығы жақсы екенін айтады дәрігерлер. Бұл туралы Altaynews.kz Еuronews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сафина Намуквая –  Африка құрлығындағы ең қарт ана атанды. Ол 70 жасында сау егіздерді көтеріп, дүниеге әкелді. Бейсенбі күні Уганданың Кампала қаласындағы Халықаралық әйелдер ауруханасы мен ана мен бала орталығында ұл мен қыз дүниеге келді.

Аурухананың Facebook парақшасында «ана мен баланың жағдайы жақсы» делінген.

Мәліметтер бойынша, жүктілік экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасы арқылы мүмкін болған, ал босану кесар тілігі арқылы жүзеге асырылды.

Емхана қызметкерлерінің айтуынша, Сафина осындай егде жастағы ата атану арқылы Африканың рекордын орнатқан.

«Бұл оқиға  медициналық жетістікті ғана емес, сонымен қатар адам рухының күші мен төзімділігін де көрсетеді»,  деп қосты олар.

Жас босанған ана Уганданың NTV телекомпаниясына егіз бала көтеру оңайға соқпағанын, сонымен бірге жүкті болу үшін барлық жинаған ақшасын жұмсауға тура келгенін айтты.

Сонымен қатар  Сафина балалары дүниеге келмей тұрып, серіктесімен ажырасып кеткенін айтты. Бірақ фертильді емхананың дәрігері жолақысын төлеуге көмектескен.

2019 жылы Үндістанның бірнеше жергілікті ақпарат құралдары 74 жастағы әйелдің ЭКО көмегімен егіз бала дүниеге әкелгенін хабарлаған.

Ал еуропалық әйелдер ана болуды кеш ойлайды. ЕО-да бірінші баланың туудағы орташа жасы 2013 жылғы 28,8 жастан 2019 жылы 29,4 жасқа дейін өсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив