Қырғызстанда жеті атаға дейін қыз алыспау заңмен бекітілмек

Фото: Pixabay
Қырғызстанда жеті атаға дейін туыстардың отау құруына тыйым салу заңмен бекітілмек.
Бұл талап Отбасы кодексінің жаңа жобасына енгізіліп, қоғамдық талқылауға шығарылды. деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі некеге тұра алмайтын азаматтардың санаттарын әзірлеген. Соған сәйкес, жеті атаға дейін туыс жандар, асырап алушы мен асырандылар, жазасын өтеп жатқан сотталғандар және бір жыныстылар бір-бірімен шаңырақ көтере алмайды. Ал бұл тізімге жатпайтын жастар еш кедергісіз отбасын құра алады.
Сонымен қатар жастар үйленер алдында бір-біріне өздерінің денсаулық жағдайын хабарлауға тиіс. Ол үшін арнайы медициналық тексеруден өтеді. Жауапты ведомство оның қорытындысы құпия болып қалатынын мәлімдеді.