KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
494.84 537.4 5.58

ШҚО-да бірнеше жол учаскесі көлік қозғалысына ашылды

Бүгін, 08:30 98 Төлеуғазы Жансая


"ҚАЗЖолСервис" ЖШС ШҚО филиалының мәліметіне сәйкес, 10 наурыз күні таңғы уақыттан бастап бірнеше республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы қайта жанданды.  

Ашылған жол учаскелері:  
1. «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы  
   – 1013-1048 км (Абай облысының шекарасы – Ұлан ауылына бұрылыс).  
   – Қозғалыс 10 наурыз сағат 08:00-ден бастап ашық.  

2. «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы  
   – 1194-1212 км (Шемонаиха қаласы – Ресей Федерациясының шекарасы).  
   – Қозғалыс 10 наурыз сағат 08:30-дан бастап ашық.  

3. «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолы 
   – 6-166 км (Ушанов ауылы – Алтай қаласы).  
   – Қозғалыс 10 наурыз сағат 09:00-ден бастап ашық.  

– Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және сапар кезінде сақтық шараларын ұстануға шақырамыз. Қосымша ақпаратты жергілікті төтенше жағдайлар қызметінен білуге болады,- делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу