KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
477.45 527.1 5.24

Бокс олимпиада ойындарынан алынуы мүмкін

Фото: depositphotos.com

13.08.2024, 15:22 80 Ержан Әбіш

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бокстың 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес олимпиадасынан шығарылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baribar.kz сайтына сілтеме жасап.

Томас Бахтың айтуынша, бұл мәселе 2025 жылы толық шешіледі.

­– Біз мүмкіндігінше тезірек, келесі жылдың бірінші жартысында шешім қабылдаймыз, – деді комитет президенті.

Әлі түпкілікті шешім қабылданбаса да, Бах ұлттық бокс федерациялары халықаралық жарыстарды ұйымдастыру үшін бірігуі керек екенін атап өтті. Бұған дейін осыған ұқсас қағида бойынша каратэ үш жыл бұрын Олимпиада ойындарынан алынған болатын.

Бокстың орнына паркур қосылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив