KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Бокс Олимпиада бағдарламасында қалады деген сенімдеміз – АІВА

22.05.2019, 04:12 163

Халықаралық бокс қауымдастығының (АІВА) президенті қызметін уақытша атқарушы Мохамед Мустахан Лозаннада халықаралық олимпиада комитеті өкілдерімен кездесу өткізіп, бокстың Олимпиада бағдарламасында қалатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

2018 жылдың қарашасында ХОК АІВА-дағы басқару, қаржылық бөлім және төрешілікке қатысты алаңдаушылық білдіріп, тексеру комитетін құру туралы бастама көтерді.

 

Болжам бойынша, ХОК АІВА-ға санкция салуы мүмкін. Соның нәтижесінде  халықаралық бокс қауымдастығы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирін өткізу құқығынан айырылады деген болжам айтылған еді. 

 

– Бүгін біз ХОК тергеу комитетімен жақсы кездесу өткіздік. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Енді болашаққа сеніммен қарап, бокс Олимпиада бағдарламасында қалады деген үмітте отырмыз, – деді Мустахан. 

 

Дегенмен Ненад Лалович басқаратын комитет аталған іске байланысты нақты әрі соңғы баяндаманы 22 мамыр, яғни бүгін Атқарушы кеңес отырысында баяндайды. Әліптің артын бағайық.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив