KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 7 м/с, В
514.94 583.74 6.13

Өскеменде дарынды балаларға мектеп-интернат салынады

шартты сурет

10.03.2023, 10:16 514 Оразай Жеңісұлы

19-шы шағын аудандағы тоқтап қалған колледж құрылысы қайта жанданады.

Бұл нысан енді мектеп-интернат болып бой көтереді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Бұл жерде математика және басқа да цифрлық ғылымдарға жүйрік, дарынды балаларға арналған 910 орындық мектеп-интернат бой көтереді», - деп жазды аймақ басшысы ресми парақшасына. 

Сондай-ақ, облыс әкімінің айтуынша, 2024 жылы «Спорт» шағын ауданында мектеп құрылысы басталады.

«Ауқымды спорттық-мәдени кешен салу туралы да қызықты жоба бар. Жалпы, құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде, кейбір ескертулер бар, бірақ олар түзетіледі. Жаңа шағын аудандар өмір сапасының барлық стандарттарына сәйкес келетініне сенімдімін», - деді әкім.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі Өскемендегі тұрғын үйлер құрылысын бақылап көрді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу