KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 8 м/с, З
517.66 606.49 6.44

Өскемен қаласы бойынша ораза кестесі жарияланды

Шартты сурет

15.03.2023, 10:45 960 Ләззат Қанатқызы

Қасиетті Рамазан айының бірінші күні 23 наурызға тура келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 23 наурыз алғашқы күні болса, 20 сәуір – соңғы күні. 21 сәуірде ораза айты басталады. Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түні – Қадір түні.

Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу