Өскеменде ағаш егу жұмыстары басталды
Шартты сурет
Өскемен қаласында көшет егу науқаны басталып кетті. Мамандардың айтуынша, қылқан жапырақты ағаш түрлерін қар еріп, тоң жіби сала отырғызса жылдам жерсініп, бойлап өседі екен.
Қаланың жаңа шағын аудандарының бірінде, нақтырақ айтқанда Ілияс Есенберлин даңғылының бойында қылқан жапырақты желекпен бірге жалпақ жапырақты емен, жөке, шаған ағаштарының да көшеттері егілетін болады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Жас шыбықтар топыраққа тез жерсініп кету үшін «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорны оларды өзіміздің облыс аумағында орналасқан тәлімбақтардан жеткізген.
Дәл қазір бұл аумақта шырша, самырсын сияқты ағаш көшеттері егіліп жатыр. Көп ұзамай жалпақ жапырақты желекті де жерсіндіру жұмысы басталады.