Көше шамы көбейеді - Өскемен
Шартты сурет
Өскеменде көше шамдарын жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өткен жылы облыс орталығындағы 428 көшеде 12,8 мың шам ауыстырылып, 212 шақырым оқшауланған кабель төселді, 214 басқару шкафы орнатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ Өскеменде көше жарықтандыру жүйесін басқару жөніндегі диспетчерлік орталық пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар Еуропалық қайта құру және даму банкінің қатысуымен жүргізілді.
Облыс орталығын көше шамдарымен қамтуды арттыру үшін 2023 жылдан бастап жобаның екінші кезеңін іске асыру мәселесі пысықталуда. Қазірдің өзінде 2,8 мың жаңа шамдар мен тіректерді орнату жоспарланған көшелер мен учаскелердің алдын ала тізімі дайындалды.