Өскеменде Денсаулық күні жарияланады
Фото: Шартты сурет
7-ші сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтеді. Осыған орай, Өскемендегі емханалар мен саябақтарда арнайы шара өткізілмек.
Осы күні емханаларда дәрігерлер келушілерді жолдамасыз қабылдайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында ашық есік күні өтеді. Ұйымдардағы қабылдауға кардиолог, эндокринолог, невропатолог, психолог, әлеуметтік қызметкерлер сынды мамандар жұмылдырылады.
Сонымен қатар Самал саябағында атаулы күнге орай арнайы мерекелік шара ұйымдастырылады. Шараның басталуы – 10.00-де. Онда денсаулық қалашығы құрылып, медицина қызметкерлері қан қысымын, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін, физикалық көрсеткіштерді өлшейді, келушілер мамандардан кеңес ала алады.