KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Өскеменді көркейтетін гүлдер Астанадан жеткізіледі

Фото: Шартты сурет

6.04.2023, 15:36 339

Өскеменде шаһарды абаттандыруға дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазір коммуналдық қызмет мамандары гүлзарлардағы топырақты ауыстырумен айналысып жатыр. 
Ал гүл отырғызу жұмыстарын күн жылынған кезде бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Биыл қала гүлзарларына отырғызылатын гүлдерді астаналық мекеме жеткізіп береді. 

– Тендер өткізіліп қойған. Биыл гүл жеткізу қызметін Астана қаласындағы кәсіпорын атқаратын болды. Елордаға барып, көшеттерді көріп қайттық. Алдағы уақытта тағы бір барып қайтамыз. Таңдалған гүлдер негізінен біржылдық, алайда гүлдеу кезеңі ұзаққа созылады. Сонымен қатар көпжылдық гүлдердің бірнеше түрі, әсіресе раушан гүлдері егіледі, – дейді «Таза Өскемен» мекемесінің басшысы Асхат Тәженов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив