KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Көшеттердің жерсінуі 60%-дан аспайды – Өскемен

Фото: Шартты сурет

5.04.2023, 17:13 261

Өскеменде алғашқы көшеттер отырғызыла бастады. Әзірге күн жылынған жоқ, сондықтан маусымаралық кезеңде тамырланып, тез жерсінетін қылқан жапырақты ағаштар егіліп жатыр. 
Жылда қала аумағында мыңдаған көшет отырғызылғанымен, оның біразы ғана көктейді екен. Ал қалған бөлігі күзге салым қурап қалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Биыл ағаш тұқымының әр түрін қосқанда барлығы 2310 көшет отырғызылмақ. 
Егілген көшеттердің тамыр жайып, жерсінуі 60%-дан аспайды, бұл – айтарлықтай төмен көрсеткіш. «Таза Өскемен» мекемесінің басшысы Асхат Тәженовтің айтуынша, осы уақытқа дейін ағаш отырғызу мен оны баптау қызметтерін әртүрлі компаниялар атқарып келген. Биылдан бастап ол тәртіп өзгермек. 

–    Жалпы, ағаштың тамыр жаюы үшін бірнеше маңызды фактор бар – бұл отырғызатын материалдың сапасы, топырақ және күтім, атап айтқанда, көшеттерді суару. Бұрын жеткізуші ағаш отырғызумен айналысып, күтім мен суару басқа мекеменің міндетіне кіретін. Осы ретте кепілдік міндеттемелері аясында олар барлық қурап қалған көшеттерді келесі жылы жаңасына ауыстыратын. Қазір біз бұл тәртіпті өзгертуді ұйғардық. Жеткізуші ағаш отырғызумен де, күтіп-баптаумен де толық айналысатын болады, – дейді «Таза-Өскемен» мекемесінің басшысы Асхат Тәженов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу