KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да қолөнер жәрмеңкесі өтті (Фоторепортаж)

19.11.2019, 07:38 190

Облыс орталығында қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.  Іс-шараға сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдырғандар қатысып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Суретшілер, зергерлер, қолданбалы қолөнер шеберлері өздерінің авторлық туындыларын, атап айтқанда, заман талабына сай жүннен, қыштан, ағаштан, темірден жасалған қолөнер бұйымдарын, металдан, тастардан, өсімдіктерден және тағы да басқа түрлі материалдардан  жасалған зергерлік әшекейлерін келушілердің назарына ұсынды.

Сондай-ақ, қолөнер шеберлермен бірге мектеп оқушыларының қолдан жасалған бұйымдары да қойылды.

Мұндай ерекше заттар біреуге сыйлық жасағанда таптырмас тауарлар десе болады.

Жәрмеңкеге қатысуға ШҚО-ның аудандарынан 20-ға қолөнер шеберлері жиналды. Көрмені тамашалауға келген қонақтарға бұйымдарды тамашалаумен қатар сатып алуға да мүмкіндік берілді.

 

«Hand made» жәрмеңкесі Шығыста дәстүрге айналып, жиі ұйымдастырылып келе жатқанын айта кеткен жөн.  Мұндай жәрмеңкені қала тұрғындары асыға күтетіні байқалады. Желтоқсанда тағы бір жәрмеңке өткізілмек.

Жәрмеңкеден бөлек, балаларға арналған қызықты шаралар да ұйымдастырылды: тәтті мақта жасау, каллиграфия, құммен сурет салу бойынша мастер-класстар өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу