KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2,4 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Өскеменде қолөнершілер байқауы өтеді

25.05.2022, 17:27 256

Бірінші маусым күні Қасым Қайсенов саябағында «Шығыстың кәдесыйы» атты облыстық фестиваль-байқау өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шеберлер ағаштан, киізден, қайыңның қабығынан, шыныдан, тастан, сүйектен, керамикадан жасаған кәдесыйларын және зергерлік бұйымдарын жәрмеңкеге шығарады. Кәсіби суретшілердің мүсіндері де сөреден табылады. Бұйымдар жәрмеңкесінен бөлек, шара барысында шеберлік сабақтары өткізілмек.

Іс-шара соңында үздік жұмыс анықталады. Бұл фестиваль-байқауды мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы ұйымдастыратынын айта кетейік.

Фестиваль 10:00-де басталып, 17:00-ге дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу