KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

Өскеменде түрмеге тыйым салынған зат кіргізбек болғандар ұсталды

Altaynews

14.04.2023, 10:55 507

Бүгін Өскеменде​ сәуірдің 14-не қараған түні​ сағат түнгі 00.21 шамасында​ №16 түзеу мекемесінің бекеттерінің бірінде белгісіз біреу тыйым салынған заттарды қоршау ішіне қарай лақтырып жіберген.

Оралған зат бақылаушының​ күзетіндегі тыйым салынған аймағына келіп түскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сол сәтте тыйым салынған аймаққа​ 3 сотталушы жүгіріп келіп,​ түскен затты алып кетпек болғанда, оқиға орнына 6699 әскери бөлімінің екі бақылаушысы жедел жетіп,​ сотталғандарды ұстай бастайды. Алайда сотталғандар бақылаушыларға қарсылық көрсеткен.

– Жағдай ушығып бара жатқанын жоғарыда байқап тұрған сақшы дереу «Тоқта, артқа шегін, тоқта, атамын!» деп айқайлап,​ автоматты сақтандырғыштан алып, аспанға ескерту оғын атады. Осы кезде бақылаушылардың бірі оралған затты негізгі қоршау аймағына қарай кері лақтырғанда, сотталушылардың бірі оны алып қашу үшін сол негізгі қоршау аймағына қарай тұра ұмтылады. Мұны сырттан бақылап тұрған сақшы «Тоқта, артқа шегін, тоқта, атамын!» деп айқайлап,​ жоғарыға тағы ескерту оғын атады. Қарудың дыбысынан қорыққан сотталушы дереу артқа шегініп,​ ішкі тұрғын аумаққа жүгірген​ екі бірдей сотталушы дереу сол жерде ұсталды, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

 

.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу