KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Кейбір тұтынушылар жылыту жүйелерін мамырдың аяғына дейін пайдаланды – Өскемен

25.04.2023, 11:06 234 Ләззат Қанатқызы

Ертең, яғни 26 сәуір күні Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталады.

Десе де, бірқатар жылу көздеріне қосылған тұтынушыларға гидравликалық параметрлерде жылыту жүйелерін пайдалануға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады.

 «Өскемен ЖЭО» ЖШС және «Согра ЖЭО» ЖШС (Жаңа Согра кенті) жылу көздерінен қосылған тұтынушыларға өтініш бойынша төмендетілген гидравликалық параметрлерде жылыту жүйелерін пайдалануға рұқсат етіледі:

- балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, оның ішінде есепке алу аспаптары жоқтарға 26.05.2023 ж. дейін;

- меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға жылу жүйелеріндегі жылу энергиясын есепке алу аспаптары және жалпы үй есептегіш аспаптары бар көппәтерлі тұрғын үйлерге 26.05.2023 ж. дейін.

Өтініштер электронды түрде е-mail ukheatnets@ukteplo.kz. арқылы қабылданады.

  "Өтініште тұтынушы міндетті түрде қосымша «төмендетілген гидравликалық параметрлердегі жылу беру жүйесінің жұмысына келісемін» деп жазуы керек. Өтініштер «ӨЖЖ» АҚ, М.Горький көшесі, 61, дербес қызмет көрсету орталығы, жұмыс режимі 08.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз, сенбі күні 09.00-ден 14.00-ге дейін, жексенбі-демалыс күндері қабылданады", делінген хабарламада.

Сұрақтарды кәсіпорынның @ukts_info Instagram парақшасында қоюға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив