KZ
Өскемен
+27°
небольшой дождь жел 2 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Өскеменде жылыту маусымы қашан аяқталады?

12.04.2022, 09:12 133

13 сәуір мен 17 сәуір аралығында жылыту маусымы аяқталады.

Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының (+10 С° жоғары) тұрақтануына байланысты «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылу тұтыну нысандары үшін жылыту маусымының аяқталатынын хабарлайды.

«Өскемен ЖЭО» ЖШС және «Согра ЖЭО» ЖШС –нің (Жаңа Согра кенті) жылу көздеріне қосылған тұтынушылардың өтініштері бойынша, төмендегі мекемелерге жылу жүйелерін төмендетілген гидравликалық өлшемдер арқылы пайдалануына рұқсат етілді:
- 25 мамаырға дейін балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, оның ішінде есептеу аспаптары жоқ мекемелерге;
- 25 мамырға дейін меншік нысаны әртүрлі және жылыту жүйелеріндегі жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар жеке және заңды тұлғаларға, ортақ үйдің есепке алу аспаптары орнатылған көп пәтерлі тұрғын үйлерге.

- Жылыту жүйелерін өшіру жөніндегі өтініштер электронды түрде info.ukts@ukteplo.kz е-mail арқылы да қабылданады. Өз өтінішінде тұтынушы міндетті түрде «Жылыту жүйесінің төмендетілген гидравликалық өлшемдерінде жұмыс істеуіне келісемін» деп көрсетуі қажет. Сондай-ақ, кәсіпорынның Instagram @ukts_info парақшасында сұрақтарыңызды қоюға болады, - делінген «Өскемен жылу жүйелері» АҚ хабарламасында. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив