KZ
Өскемен
-2°
снег жел 8 м/с, ОБ
512.81 604.19 6.57

Өскемендіктер жылу жүйелерін мамырдың аяғына дейін пайдалана алады. Қалай?

23.04.2019, 11:20 881

Өскеменде жылу беру маусымы аяқталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

– Ауа райының тұрақтылығына (+10 С° жоғары) байланысты жылыту маусымының аяқталғанын жариялаймыз. 2019 жылдың 29-30 сәуірі аралығында жылу жүйелерін өшіру жұмыстары жүргізіледі, – деп мәлімдеді «Өскемен жылу желілері» АҚ-ның баспасөз қызметі.

 

Кәсіпорынның мәлімдеуінше, өтініш жазу арқылы жылыту жүйелерін төмендетілген гидравликалық параметрлермен мамырдың 22-сіне дейін пайдалануға болады. Айталық балабақшалар, мектептер, ауруханалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар өтініш білдіре алады.

 

Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады: «Өскемен жылу желілері» АҚ, М.Горький көшесі, 61, дербес қызмет көрсету орталығы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу