Өскеменде Қазақстан халқының бірлігі күні қалай өтеді?
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Аталмыш мерекеге орай облыс орталығында бірқатар шаралар жоспарланып отыр.
Сондай-ақ мереке қарсаңында қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған "Металлург", "Самал", этнопарк, "Жамбыл" паркі ашылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
1 мамыр күні сағат 11.00-де Сол жағалау кешенінде қаланың әртістері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Мерекелік сауда, әлем халықтары ойындарының спорттық жарыстары, қолөнершілер бұйымдарын сату көрмесі де ұйымдастырылып отыр.
"Қала тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шараларға шақырамыз", делінген қала әкімдігінің хабарламасында.