KZ
Өскемен
+8°
ясно Штиль
443.44 480.51 4.88

Өскемен: «Халық қатысатын бюджетке» өтінім қабылдау басталды

3.05.2023, 16:45 305 Ләззат Қанатқызы

Қала әкімдігінің сайтында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды.

Өскемендік тұрғындар аталған жоба аясында қайта жаңартылуы керек нысандарға дауыс бере алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Халыққа қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында төмендегі жұмыстар атқарылады:

  • аумақты көгалдандыру;
  • тротуарлар салу;
  • тротуарларды, пандустарды жөндеу;
  • жалпыға ортақ орындарда (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймағы, көшелер және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
  • бордюрлерді, төсеніштерді жөндеу;
  • балалар ойындарына және жалпы пайдаланылатын орындарда демалуға арналған беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;
  • аула аумақтарында және жалпы орындарда спорттық, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

Тұрғындар қандай да бір объектіге өз дауысын https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/bnu/576?lang=ru сілтеме арқылы бере алады.

  "Дауыс беру 15 мамырға дейін жалғасады", делінген қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қаланың шағын аудандарының 55 учаскесінде көше жарығына ағымдағы жөндеу жүргізілді, 13 ауланың аумағы абаттандырылып, 12 балалар алаңы және бес спорт алаңы жабдықталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив