“Халық қатысатын бюджет” бағдарламасына өтінім қабылданып жатыр - Өскемен
Қала әкімдігінің сайтында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды.
2024 жылға арналған жобалық ұсыныстарды жинау ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Халыққа қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында төмендегі жұмыстар атқарылады:
- аумақты көгалдандыру;
- тротуарлар салу;
- тротуарларды, пандустарды жөндеу;
- жалпыға ортақ орындарда (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймағы, көшелер және өзге де объектілер)құру, жөндеу және жарықтандыру;
- бордюрлерді, төсеніштерді жөндеу;
- балалар ойындарына және жалпы пайдаланылатын орындарда демалуға арналған беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;
- аула аумақтарында және жалпы орындарда спорттық, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
Бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны 15 мың АЕК-тен аспауға тиіс.
Айта кету керек, аталмыш бағдарламаға
жолдағы шұңқырларды жөндеу, жолдарды орташа жөндеу және т.б. жұмыстары кірмейді.
Оқи отырыңыз