«Жасыл ел» жастарды жұмысқа шақырады – Өскемен
"Жасыл ел" еңбек жасақтарының штабы 16-29 жас аралығындағы жұмыс істегісі келетін өскемендік жастарды жазғы мезгілге жұмысқа шақырады.
Қала жастары жазғы демалыс кезінде елді мекендерді көгалдандыру (ағаш отырғызу, отау, ормандарды, су қоймаларын санитарлық тазарту), өз қалаларын абаттандыру сияқты жұмыстарды атқара алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жұмыспен қамту кезеңінде жастармен еңбек шарты жасалып, барлық қызметкерге жұмыс үшін арнайы киім беріледі.
Еңбек шартын жасасу үшін келесі құжаттарды дайындау керек:
жеке куәлігі;
зейнетақы қорынан шарт;
дербес шот;
денсаулық жағдайы туралы анықтама Н.075;
фото 3×4 (2 дана);
18 жасқа дейінгі жастар үшін ата-аналардан жұмысқа орналасуға жазбаша рұқсат.
Құжаттар төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Әуезов даңғылы, 5 (13-кабинет).
Байланыс телефоны: +7(771) 205-97-11; 8-7232-250-190, What`s App +7(771) 205-97-11.