KZ
Өскемен
-6°
туман жел 2 м/с, З
505.53 593.44 6.34

Дауылды ескерту: Шығыс Қазақстанда тұман мен қатты жел күтіледі

30.12.2025, 09:00 75 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалының мәліметінше, 30 желтоқсанда облыстың оңтүстік өңірлерінде тұман түсуі ықтимал. Ауа райының қолайсыздығына қоса, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында секундына 15–20 метрге дейін жетіп, күндізгі уақытта екпіні 23 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Өскемен қаласында жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–18 м/с болады деп болжануда.

Осыған байланысты ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Мамандардың ескертуінше:

қолайсыз метеожағдайда жүргізушілер жолда аса мұқият болып, жылдамдық режимін сақтауы тиіс;

жаяу жүргіншілер құлап-жарақат алмау үшін асықпай, сақтық шараларын ұстанғаны жөн;

желдің екпіні кезінде электр сымдарына, бос тұрған құрылымдарға жақындамау қажет;

ағаштардың астына және автобус аялдамаларының артына паналамаған дұрыс.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» бірыңғай жедел қызмет нөміріне хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу