KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 2 м/с, З
478.16 534.92 5.18

№ 53 маршруттағы саяжайлық автобус енді жөнделген жолмен қатынайды

Фото: Тілеубек Шаяхмет

6.05.2023, 12:43 302

Осы айдың ішінде Өскемен – Семей республикалық тасжолынан "Радуга" бау-бақша қоғамына дейінгі бұрылыстан басталатын жол учаскесін жөндеу аяқталуы тиіс.

Жөндеу аяқталған соң жаз мезгілінде жолаушылар саны екі-үш есе артатын №53 бағыттағы автобус соңғы аялдамаға дейін қатынайтын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  – Сіздердің өтініштеріңізге орай, мамыр айының соңына дейін үлкен тасжолдан бергі аралықты жөндеуді аяқтаймыз. Содан кейін жарықтандыру жұмыстарын бастаймыз. Қыста да қарын күреп тұрдық. Қатынас үзілмеді, автобус жүріп тұрды. Қажет болса, автобустар санын да арттырамыз. Сіздерге өтініш, қалаға кіретін саяжайлық аумақтарға жасалып жатқан осындай қолдауларға атсалысып, тұрып жатқан көшелеріңізді таза ұстап, абаттандыруға үлес қоссаңыздар, – деді Өскемен қаласы әкімі Жақсылық Омар.

Қоса кетейік, бұл учаскенің ұзындығы 1100 метрден асады. Аудан тұрғындары көптен бері осы жолда жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап келген-ді. Жобаның мақсаты – жол бойындағы қауіпсіздікті нығайту және қалаішілік жол желісін дамыту.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив