Қала ішіндегі қоғамдық көліктер саны көбейтілді – Өскемен
Өскеменде қала ішіндегі қоғамдық көліктер саны артты.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдайға байланысты осыған дейін көліктердің 30 пайызы ғана жүріп тұрған. Соның өзінде кейбір маңызды саналатын бағыттарда жүргіншілер көп болған. Осыған орай 16-19 сәуір аралығында мониторинг жүргізіліп, кейбір маршруттағы автобус санын арттыру көзделді.
Сонымен, кейбір маршруттарға қосылған автобустар саны мынадай:
№42 маршрут - екі автобус (5 айналым);
№24 маршрут - 1 автобус (4 айналым);
№260 маршрут - 2 автобус (5 айналым);
№12 маршрут - 2 автобус (7 айналым);
№60 маршрут - 1 автобус (9 айналым).
Оқи отырыңыз