KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 8 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Трамвай жолдары жөнделеді – Өскемен

12.05.2023, 12:05 479 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында трамвай жолдары жаңартылып жатыр. Былтыр 449 миллион теңгеге 1,3 шақырым рельс ауыстырылды.

Биыл бұл жұмысқа 400 миллион теңге бөлінді. Қала басшылығы Қазақстан көшесіндегі 1,1 шақырым рельс жолын жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Өткен жылы Орталық базар маңындағы жолды жөндедік. Биыл ең қауіпті учаске саналатын Спорт сарайы мен Нұрмағамбетов көшесі жақтағы рельстерді де ауыстырамыз. Қазір мердігер ұйым материал күтіп отыр. Шамамен, мамырдың аяғында жұмыс басталып кетеді. Рельстерді ауыстарған соң, асфальтті бірден жөндейміз, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сондай-ақ трамвай депосы да жөнделіп жатқанын айта кетейік. Техникалық қызмет көрсету цехы 50 жыл бойы жөндеу көрмеген.

– Ғимарат апатты жағдайда тұр. Шатырды ауыстырып, қабырғаларды қалпына келтіреміз. Комиссия 30 темірбетон плитасын ауыстыру керектігін анықтады. Депоның ішіндегі жұмыстарды келесі жылға жоспарлап отырмыз, – деді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС басшысы Михаил Чайка.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу