KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Өскеменде трамвай жолдарына темірбетон шпал төселеді

24.06.2020, 12:40 211

Өскемендегі трамвай жолдарына темірбетоннан жасалған шпалдар төселеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, темірбетон шпалдар әзірге бір ғана учаскеде - Қазақстан көшесіндегі Қабанбай батыр көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі аралықтағы рельс жолдарына төселмек. Мұнда қазір жөндеу жұмыстары басталды.

Өскемен қаласының Көлік компаниясы шпалдарды осы жуықта ғана алыпты. Бұл конструкция ұзақ мерзімге жарамды, механикалық жүктемеге төзімді болып келеді екен. Ашық және дербес трамвай жолдарында қолданылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу