KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Өскеменде шұңқырларды жөндеуге 5 мыңнан астам өтініш келіп түскен

15.05.2023, 12:03 474 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында 30 наурызда басталған “100 күнде 10000 шұңқыр” челленджі әлі де жалғасуда. Яғни қала тұрғындары көшедегі шұңқырларды суретке түсіріп, арнайы Telegram-ботқа жібере алады.

Қазіргі күні арнайы telegram-ботқа тұрғындардан 5137 өтінім келіп түскен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мердігерлер көше жолдарындағы 3889 шұңқырды жөндеп үлгерді.

– Бұл қызмет "Кептеліссіз қала" бағдарламасы аясында іске қосылды. Осылайша, біз қаладағы жолдардың сапасын жақсартамыз. Ең бастысы, өскемендіктер өзекті мәселеге белсенді қатысып, өтінімдерін жолдады. Егер бұл сервис өзін ақтаса, оны қала тіршілігін қамтамасыз етудің басқа салаларына енгізу мүмкіндігі қарастырылады, – деді Жақсылық Омар.

Естеріңізге сала кетейік, @oskemen_bot арнасына өтінім жіберу үшін шұңқырға жақын жерде тұрып, геопозицияны көрсеіп, шұңқырдың нақты қай жерде тұрғанын көрсететін фотосуреттер жіберсеңіз жеткілікті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив