Акция аясында Өскеменде 4 мыңға тақау шұңқыр жөнделді
Фото: шартты сурет
Еске салайық, биыл 30 наурыздан облыс орталығында шұңқырларды жөндеу басталған болатын. Жылдың басты жаңалығы – "100 күнде 10 000 шұңқыр" челленджі болған еді.
Челлендж аясында коммуналдық қызметтер жолдардағы шұңқырларды тез арада қалпына келтірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл ноухаудың басты міндеті – қала тұрғындарын ортақ іске белсенді тарту. Игі науқанға қатысу үшін Telegram-ботқа жолдардағы шұңқырлардың орналасқан жерін көрсете отырып, өтінім мен фотосуреттерді жіберу жеткілікті. Ары қарай, өтінім өңделіп, анықталған алты мердігердің біріне орындауға жіберіледі. Бүгінгі таңда Өскемен жолдарындағы 3700 бұзушылықтар жөнделген.
Еске сала кетейік, челленджге аула аумағындағы шұңқырлар қатыспайды, оларды жөндеу басқа бағдарламаға тиесілі.
Айта кетейік, боттың мекен-жайы – @oskemen_bot. Өтінімді жіберу үшін геопозицияны көрсетіп, шұңқырға жақын бірнеше фотосуреттер түсіру керек.