KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
515.03 584.82 6.24

Өскемен тұрғындарына 1 млн теңге көлеміндегі грант ұсынылады

Фото: Шартты сурет

16.05.2023, 09:55 533

­Өскемен қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы 400 АЕК (1 380 000 теңге) көлеміндегі гранттың 2-ші кезеңіне өтініш қабылдау басталғанын хабарлады. Өтініш қабылдау 15-26 мамыр аралығында жүзеге асырылады.

Мәліметке сәйкес, грант қайтарымсыз негізде беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер business.enbek.kz порталы арқылы өтінім мен бизнес-жоспарды өз бетінше ұсынады. Ал конкурсқа қабылдау автоматты түрде іске асырылады.

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін өтініш берушілер «1414» нөмірінен бизнес-жобаларын қорғау жөніндегі комиссияның өтетін күні, уақыты және орны туралы SMS-хабарлама алады.

Толық ақпаратты 700-659 телефон нөмірі арқылы алуға болады. Мекенжайы: Шәкәрім даңғылы, 149/10, 5 кабинет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу