Өскемендегі көшелердің бірі шілденің аяғына дейін жабылады
Мыза және Қазақстан көшелерінің қиылысы автокөлік қозғалысы үшін ішінара жабылады.
Мыза көшесі, 35 және 27 тұрғын үйлерінің маңы жылу желісінің учаскесіне жөндеу жүргізуге байланысты жабылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"АҚ ТК-734-тен ТК-735-ке дейінгі жылу желісінің учаскесіне жөндеу жүргізуге байланысты Мыза көшесі бойынша автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Мыза көшесіндегі 35 және 27 тұрғын үйлердің маңындағы автокөліктердің қозғалыс жолағын мамыр айының 18-інен шілденің 30-ына дейін толық жабу жоспарлануда", дейді «Өскемен жылу жүйелері» АҚ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ кәсіпорын тұрғындардан қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалысты алдын ала жоспарлауды сұрады.