KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

«Отбасы банк» кезекте тұрған азаматтарға қатысты тұрғын үй беру талаптарын өзгертті

21.01.2026, 13:00 131 Төлеуғазы Жансая

«Отбасы банк» тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты маңызды өзгеріс енгізді. Енді қазақстандықтарда тұрғын үйде үлесі болса да, олар кезектен шығарылмайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа тәртіпке сәйкес, тұрғын үйде үлесі бар азаматтар да мемлекет тарапынан қолдау ала алады. Атап айтқанда, олар жеңілдетілген ипотекаға немесе жалдамалы тұрғын үйге үміткер бола алады.

Бұған дейін ережелер қатаң болған. Егер азамат тұрғын үй кезегінде тұрып, оның атына пәтердің аз ғана үлесі тіркелсе де, оған мемлекеттік тұрғын үй немесе жеңілдетілген ипотека берілмейтін.

«Маңызды жайт – бұл мәселе заң деңгейінде нақты реттелмеген еді. Алайда азаматтардың жағдайын түсініп, көптеген өтініштерді ескере отырып, «Отбасы банк» үлестік меншігі бар кезекте тұрғандарды да қарастыру туралы шешім қабылдады», – деп түсіндірді банк өкілдері.

Жаңа мүмкіндік 2026 жылдың ақпан айынан бастап қолжетімді болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу