KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

«Мен қазақша сөйлеймін» байқауы жарияланды – Өскемен

Фото: Шартты сурет

23.05.2023, 14:36 432

Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі этнос өкілдері арасында «Мен қазақша сөйлеймін» атты қалалық акция жариялады. Акция Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Қатысушылар екі бағыттың бірі бойынша тапсырма орындап, жариялайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара Жеңістің 78 жылдығына орайластырылған. Бірінші бағыт бойынша Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Халық Қаһармандары туралы қазақша прозалық немесе поэзиялық шығарма оқу талап етіледі. Екінші тапсырмада қатысушылар соғысқа қатысқан не тылда еңбек еткен туыстары, өзі білетін ардагерлер туралы эссе немесе өлең жазады.

Осы екі тапсырманың бірін орындап, әлеуметтік желіде (facebook) #біздіңқаһармандарменқазақшасөйлеймін2023 хештегін белгілеп, ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын бейнематериал жариялауы тиіс.

Жеңімпаздар лүпіл саны бойынша анықталады. Жарияланған тапсырмада шығарма атауы, қатысушының аты-жөні мен ұлты, мектебі, оқу немесе жұмыс орны, телефон нөмірі міндетті түрде көрсетілуі қажет.

Толық ақпарат алу үшін 8 707 494 9883 нөміріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив