KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 2 м/с, СБ
467.29 501.03 5.35

Өскемен: Тағы бір жол учаскесінде қозғалыс шектеледі

Фото: «Өскемен жылу жүйелері» АҚ

16.06.2023, 11:22 299 Ләззат Қанатқызы

Бағдат Шаяхметов көшесі мен Тарханка бағытындағы Тарханка ауылына баратын жолдың қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша жабылады.

Бұл туралы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Бағдат Шаяхметов көшесіндегі ТК-3-тен ТК-4-ке дейінгі жылу желісінің учаскесіне жөндеу жүргізуге байланысты автокөлік техникасының қозғалысы 18 маусым күні сағат 08.00-ден 18 шілде 17.00-ге дейін шектеледі, делінген хабарламада.

Сондай-ақ кәсіпорын тұрғындарға қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, осы бағыт бойынша қозғалысты алдын ала жоспарлауды өтінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив