KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
499.04 544.45 5.96

Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде жылу құбырлары жаңартылып жатыр

23.09.2020, 11:46 379

ШҚО,  Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентіндегі магистральды жылу құбырларына 50 жылдан астам уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Құбырлардың тозуына байланысты жыл сайын қыста ауылдың коммуналдық қызметтері қиындық көріп келген.

-Биыл жылу орталығын қалпына келтіру басталды. Алдымен жылу пунктінен қазандыққа дейінгі құбырлар, шамамен 3,5 шақырымға ауыстырылады, - дейді Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі Марат Кәрібаев.

Жоба екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңді іске асыру екі жылға есептелген және құны екі миллиард теңгені құрайды.

-Бүгінгі күні 300 миллион теңгеге жуық қаржының жұмысы аяқталды. Әлі де жұмыс көп, жоба жылу магистралінің құбырларын ауыстырумен қатар, сорғы станциясының құрылысын қарастырады, - деп атап өтті «Восток-Котлы» ЖШС учаскесінің бастығы Сержан Ақбердинов.

Жобаның екінші кезеңінің құны да 2 миллиард теңгені құрайды, оған ауыл ішіндегі тұрғын үйлерге тікелей тартылған құбырларды ауыстыру кіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу