Өскеменде сирена іске қосылады
Фото: baribar.kz
29 маусым күні сағат 12.30-дан 13.30-ға дейін облыс орталығында азаматтық қорғаныс туралы хабарлау жүйесіне тексеру жүргізіледі.
Жүйені тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық сөйлеу құрылғылары (дауыс зорайтқыштары) қысқа мерзімге қосылады, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирі мен интернет-ресурстарда және мобильді қосымшаларда орналастырылатын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
ШҚО ТЖД ескерту жүйесін тексеруге түсіністікпен қарауды және берілген ұсыныстарға сүйене отырып міндетті түрде жаттығуды сұрайды.