4-5 наурызда қоғамдық орындарда дабыл сиреналарын естісеңіз үрейленбеңіз - оқу-жаттығу
2021жылғы 4-5 наурызда «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.
Оқу-жаттығу шеңберінде 04 наурыздағы сағат 9-10 аралығында Шығыс Қазақстанда облыс тұрғындарын орталықтан құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін техникалық тексеру жүргізіп және теле-радио хабар таратуға қосылатын болады.
Бұл сигнал бойынша не істеу керек?
Егер де сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде болып және сиренаның, яғни «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дыбыстық белгісін естісеңіз ДЕРЕУ 104,0 жиілігіндегі «Қазақ радиосы» арнасын қосыңыз (ұялы телефон арқылы да қосуға болады).
Сигналды үйде естіген кезде дереу жергілікті Хабар, 31 арна, КТК, Қазақстан арналарын қосыңыз және ақпаратты мұқият тыңдаңыз.
Барлық ересектер сирена дыбысының - «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» белгісі екендігін өздері түсініп және балаларға ұқтыруы қажет. Оны ести салысымен үрейленбеңіз, оның себебін анықтау қажет. Подъездегі және тұрған жеріңіздегі көршілерге хабарлаңыз, мүмкін олар хабарды естімеген болар. Дереу дүрбелең мен өсектердің жолын кесіңіз.
Сиреналарды жаттығу ретінде қосуға түсіністікпен қарап, берілген ұсыныстардың негізінде әрекет ету қажет.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі