Өскеменде тағы 6 футбол алаңы ашылады
Күмісжан Исанның суреті
Ағымдағы жылы облыс орталығында 6 футбол алаңын жабдықтау жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта Өскемен қаласында бұқаралық спортты дамытып, бүлдіршіндердің уақытын бос өткізбеуі үшін аулаларда ойын алаңдарымен қатар хоккей және футбол алаңдары ашыла бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Красин және Ново-Явленка кенттерінде, Назарбаев даңғылы, 21 ауласында және сол жағалауда алаң жабдықталып, Новаторлар, 13 мекенжайында орналасқан «Сигнал» алаңына жөндеу жүргізілген болатын.
– Қазір Көкжал Барақ, 7/2 мекенжайында, Фасадная көшесіндегі, Самсоновкада және Металлург-6 бау-бақша серіктестігі ауданындағы 4 футбол алаңы дайын. Жыл соңына дейін Бабкина Мельница кенті мен 22 және 23 тұрғын аудандардағы алаң аяқталады. Біздің негізгі міндетіміз – жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін оятып, футбол және хоккейге қызығушылықтарын арттыру, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз