Семейде балаларға арналған әмбебап алаң ашылды
Семейде Балаларды қорғау күні қарсаңында балаларға арналған әмбебап алаң ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кешенде футбол және жаттығу алаңдары бар. ерекше балалардың жаттығуына арналған да құрал-жабдықтар орналасқан. Алаңға қауіпсіздік үшін жұмсақ еден төселген. Кешен №22 мектеп-лицейдің маңында.
Айта кетейік, алаңды әлеуметтік жобаларды дамыту қоры салған. Олардың айтуынша, облыста жыл соңына дейін осындай үш алаң салынады.
– Бұл – әмбебап алаң. Футбол алаңы қыста хоккейге арналып өзгертіліп отырады. Мұндағы жаттығу құралдары да ерекше. Балалардың көңілінен шығады деп сенеміз, – деді Мирас Іргебаев, аталмыш қордың директоры.